Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейс орындайтын ұшақтар сынақтан өтіп жатыр

kz.kursiv.media

Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейс орындайтын ұшақтар сынақтан өтіп жатыр

Air Astana әуе компаниясының алғашқы үш Boeing 787-9 Dreamliner ұшағы 2027 жылы пайдалануға беріледі. Қазіргі уақытта әуе кемелері АҚШ-тың Чарлстон қаласындағы Boeing зауытында сынақ ұшуларынан өтіп жатыр, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Әуе компанияның мәліметінше, алғашқы сынақ ұшуы 2026 жылғы 1 қазанда өтті.

Қазіргі уақытта Boeing компаниясы алғашқы әуе кемесін тапсыру алдындағы қажетті сертификаттау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Алғашқы үш Boeing 787-9 Dreamliner 2027 жылы Air Astana паркінде пайдалануға беріледі. Dreamliner ұшақтарының келуі Air Astana флотын жаңартудағы маңызды кезең болмақ. Алыс қашықтыққа ұшатын әуе кемелері қазіргі қолданыстағы Boeing 767-300ER ұшақтарын біртіндеп алмастырады. Бұл операциялық тиімділікті арттыруға ықпал етіп, жолаушылар жайлылығының жоғары стандарттарын сақтай отырып, әуе компаниясының халықаралық бағыттар желісін дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады», – деді компания өкілдері.

Бұған дейін Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Air Astana әуе компаниясына алғашқы Boeing-787 Dreamliner ұшағын жеткізу мерзімі кейінге шегерілгенін хабарлаған еді.

Оның айтуынша, ұшақ бұрын жоспарланғандай қыркүйекте емес, 2026 жылдың желтоқсан айында келеді.

Ал әуе компаниясының атқарушы директоры Ибрахим Жанлыел Қазақстан мен АҚШ арасындағы тікелей әуе қатынасын ашу 2027 жылдан ерте жоспарланбайтынын жеткізді.

Оқи отырыңыз: Air Astana Оманға жаңа рейстер ашады

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар