Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шымкентте есірткіге қатысы бар полицей жұмыстан қуылды

kz.kursiv.media

Шымкентте есірткіге қатысы бар полицей жұмыстан қуылды

Шымкентте есірткі заңсыз сақтау дерегі анықталғаннан кейін аудандық полиция бөлімінің қызметкері теріс пиғылды себептермен ішкі істер органдарындағы жұмысынан босатылды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Әлеуметтік желіде мемлекеттік нөмірсіз Kia автокөлігін қуу және ұстау сәті түсірілген видео тараған болатын. Желідегі ақпаратқа сәйкес, көлікте полиция қызметкері болған және тексеру кезінде есірткі табылған.

Шымкент қалалық полиция департаменті заңсыз есірткі сақтау дерегін растады. Шұғыл іс-шаралар кезінде ұсталған көлікте азаматтық тұлғалармен бірге полиция қызметкері болғаны анықталып, ол бірден жұмыстан босатылды.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полиция өкілдері бұрынғы қызметкердің әрекетіне де құқықтық баға берілетінін хабарлады. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Бұған дейін Алматыда аялдамаға есірткі сататын интернет-дүкенді жарнамалайтын стикерлер жапсырған әйел ұсталған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар