Отбасы банк 50 млн теңгеден асатын ипотека үшін алатын комиссиясын қымбаттатады
«Отбасы банк» 2026 жылғы 31 қазан алдын ала және аралық заемдарды беруді ұйымдастырғаны үшін комиссия есептеу тәртібін өзгертеді. Комиссияның негізгі мөлшері бұрынғыдай қарыз сомасының 1 пайызын құрайды. Алайда ірі көлемдегі несие үшін шекті сома өседі.
Бұрын комиссия мөлшері қанша қарыз алса да, 300 мың теңгеден аспайтын. Енді жаңа талап бойынша:
Мысалы, 70 млн теңге несие алған кезде бұрын 300 мың теңге төленсе, 31 қазаннан бастап 500 мың теңге төленетін болады.
Банк мәліметінше, клиенттердің 92 пайызы 50 млн теңгеге дейін ғана қарыз алады. Сондықтан бұл өзгеріс бұрынғы клиенттердің көбіне әсер етпейді.
Жаңа шарттар тек 31 қазаннан кейін түскен өтінімдерге ғана қолданылады. Сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар арқылы берілетін заемдардан бұл комиссия мүлде алынбайды.
Жақында «Отбасы банк» ипотека алудың жаңа тетігін іске қосты. Серіктес компаниялардан жаңа үй аларда баспананың 50 пайызын депозике салып, 6 ай күтудің қажеті жоқ.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қазан, 21
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
22 қазан 2026