Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Әкімдік Алматыдағы ең ірі базардың бірін бұзып жатыр

kz.kursiv.media

Әкімдік Алматыдағы ең ірі базардың бірін бұзып жатыр

Алматыдағы ең ірі базардың бірі «Жетісу-Cемиречье» сауда орны бұзылады. Бұл туралы Қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлады деп жазады Kursiv Media.

Базар Түрксіб ауданындағы Қайрат шағын ауданындағы 56 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Әкімдік түсіндіруінше, базарға иелік ететін «Статус Construction» ЖШС осы аумаққа рұқсат құжаттарынсыз сауда орындарын салған.

Бастапқыда ЖШС-ға заң бұзушылықты жою туралы нұсқама берген. Бірақ ол талап орындалмағандықтан құрылыс басқармасы базарды бұзу туралы сотқа арыз берген. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты сауда орнындағы заңсыз нысандарды бұзу туралы шешім шығарады.

Осы негізде әкімдік өз бетінше базарды бұзу жұмыстарын бастаған.

Еске салайық, әкімдік заңсыз салынған деген базар Алматыда 2000 жылдардан бастап жұмыс істейді. Бастапқыда ескі заттар салынатын жәрмеңке болған. Кейін мұнда түрлі сауда орталықтары салынып, қаладағы ірі базарлардың біріне айналды.

Тақырыпқа орай: Алматының «Шайтан базары»: Сатушылар мұңы мен жәдігерлер сыры

Осыдан екі жыл бұрын әйгілі базар жабылады деген ақпарат шыққан еді. Көпшілік арасында базарды ірі құрылыс компаниясы сатып алды, ол жерге тұрғын үй кешенін салуы мүмкін деген қауесет тараған. Бірақ сол кезде әкімдік базар сүріледі деген мәліметті жоққа шығарған.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы ең танымал базарлардың иесі кім, олар қанша салық төлейді

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
22 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар