Автобус апаттары көбейді: 36 тасымалдаушының лицензиясы тоқтатылды
Қазақстанда жыл басынан бері автобустардың қатысуымен болған жол апаттары 5,9%-ға өсті. Бас көлік прокуратурасы жолаушылар тасымалы саласын тексеріп, 448 тасымалдаушының заңбұзушылық жасағанын анықтады. Олардың арасында жолаушылар қауіпсіздігіне қатысты талаптарды формалды түрде орындаған компаниялар да бар.
Жыл басынан бері автобустардың қатысуымен 644 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Өткен жылдың осы кезеңінде 606 оқиға болған. Жол апаттарынан 24 адам қаза тауып, 955 адам жарақат алған.
Осы жағдайларға байланысты көлік прокуратурасы жолаушылар тасымалын лицензиялау және жүзеге асыру тәртібіне талдау жүргізген. Нәтижесінде 448 тасымалдаушыдан заңнаманы өрескел бұзу фактілері анықталған.
Талдау барысында кейбір тасымалдаушылардың міндетті қауіпсіздік талаптарын іс жүзінде емес, қағаз жүзінде ғана орындағаны белгілі болды. Атап айтқанда, жөндеу-өндірістік базалардың, тахографтардың, медицина қызметкерлері мен техникалық мамандардың болуы жөніндегі талаптар тиісті деңгейде сақталмаған.
Прокуратураның мәліметінше, көлікке қызмет көрсетуге бейімделмеген нысандар жөндеу базасы ретінде көрсетілген. Кейбір мамандар бір мезгілде бірнеше тасымалдаушының штатында тіркелген. Сонымен қатар, қолданылу мерзімі өтіп кеткен сақтандыру полистері ұсынылған.
Прокуратура мұндай кемшіліктер лицензия беру кезінде де, кейінгі мемлекеттік бақылау барысында да жіберілгенін атап өтті. Уәкілетті органдар талаптарға сәйкес келмейтін тасымалдаушыларды уақытында анықтап, олардың жолаушы тасымалдауына жол бермеуді қамтамасыз етпеген.
Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде 124 тасымалдаушы әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 36 тасымалдаушының лицензиясының қолданысы тоқтатылған. Қалғандары бойынша жұмыс жалғасып жатыр.
Заңбұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалар да әкімшілік және тәртіптік жауаптылыққа тартылған.
Еске салсақ, жуырда Жетісу облысындағы тасжолда шағын автобус КамАЗ тіркемесіне соғылып, салдарынан екі адам қаза тапты, тағы 10 адам түрлі жарақат алды.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қазан, 19
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
20 қазан 2026