Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Италиядағы жаппай тәртіпсіздіктен келген шығын 1,3 млн еуроға бағаланды

kz.kursiv.media

Италиядағы жаппай тәртіпсіздіктен келген шығын 1,3 млн еуроға бағаланды

Италияның Милан қаласында наразылық акциялары кезінде 270-тен астам адам ұсталды. Олардың шамамен 80%-ы кәмелетке толмағандар, деп хабарлады Kursiv.media.

Ұсталған 22 адамға түрлі ауырлықтағы айып тағылған. Олардың қатарында тонау, қамауға алуға қарсылық көрсету мен шабуыл жасау деректері бар.

Францияда баға мен өмір сүру құнының өсуіне қарсы басталған наразылықтар Италияға да тарады. Милан, Турин және Болонья қалаларындағы шерулер жаппай тәртіпсіздікке ұласқан.

Миландағы Дуомо алаңына шамамен 5 мың адам жиналған. Олардың басым бөлігі жастар мен жасөспірімдер болған. Тәртіпсіздік Бролетто көшесінде басталып, радикал топтар полицияға тас, петарда және бөтелке лақтырған.

La Repubblica мәліметінше, Италиядағы тәртіпсіздіктерден келген шығын алдын ала 1,1–1,6 млн еуро аралығында бағаланып отыр. Орташа есеппен бұл сома 1,3 млн еуроны құрайды. Теңгеге шаққанда бұл сома шамамен 660 млн теңгеге тең.

Шығынның шамамен төрттен үші сауда орындары мен қоғамдық тамақтану мекемелеріне тиесілі. Бұл сомаға мүліктің бүлінуі мен жоғалған табыс кіреді. Қалған бөлігі қоғамдық мүлік пен қалалық инфрақұрылымның зақымдануына байланысты.

Ал Франция президенті Эмманюель Макрон елдегі жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты халыққа үндеу жасаған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар