Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Түркістан облысында мақта өңдеу зауытында 170 тонна мақта жанып кетті

kz.kursiv.media

Түркістан облысында мақта өңдеу зауытында 170 тонна мақта жанып кетті

Түркістан облысындағы мақта өңдеу зауытында өрт шығып, 170 тоннаны құрайтын 4 мақта бунты жанып кетті, деп хабарлайды Kursiv.media ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт туралы хабарлама 17 қазанда Түркістан облысы ТЖД дағдарыс жағдайларын басқару орталығына түскен. Мақтаарал ауданы, Жетісай – Атакент тас жолының бойында орналасқан мақта өңдеу зауытының ашық аумағында өрт шыққанү

«Зауыт аумағында орналасқан жалпы салмағы 700 тоннаны құрайтын мақта жиынтығының ішіндегі 170 тоннаны құрайтын 4 мақта бунты жанып, өрт аумағы 242 шаршы метрді құрады», – делінген хабарламада.

ТЖМ құтқарушыларының жедел әрі үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында өрт толығымен жойылды.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.

Оқи отырыңыз: Өскеменде өрт шыққан тоғыз қабатты үйден 12 адам құтқарылды

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар