Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

100 млн баррель мұнай нарыққа шықпақ: қара алтын бағасы неге өзгермеді

kz.kursiv.media

100 млн баррель мұнай нарыққа шықпақ: қара алтын бағасы неге өзгермеді

Әлемдік нарықта жанармай бағасы өсіп барады. Осыған байланысты Халықаралық энергетикалық агенттік (ХЭА) шұғыл шара қолданды. Ұйымға мүше елдер нарыққа қоймаларынан тағы 100 миллион баррель мұнай мен дизель отынын шығаруды тездетпек.

Мемлекеттер бұл көлемді наурыз айында-ақ бөлуге уәде берген. Тек қазір соның жеткізілуін барынша жылдамдатып отыр. Бөлінген көлемнің 20 миллион баррелі — дайын дизель отыны, ал қалғаны — шикі мұнай.

Трейдерлер мен ірі инвесторлар бұл хабарға елең еткен жоқ. Себебі олар бұл мұнайдың ерте ме, кеш пе нарыққа шығатынын білген.

16 қазанда, әлемдік бағаның басты өлшемі саналатын Brent маркалы мұнайдың бағасы сәл ғана төмендеп, барреліне $105,43 деңгейінде тұрақтады.

Саудагерлер үшін қордан шыққан көлемнен гөрі Таяу Шығыстағы қақтығыстар мен тасымал қауіпсіздігі маңыздырақ болып тұр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар