Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстандықтарға скрининг пен екпе туралы 1414 арқылы хабарланатын болады

kz.kursiv.media

Қазақстандықтарға скрининг пен екпе туралы 1414 арқылы хабарланатын болады

19 қазаннан бастап скринингтер туралы SMS-хабарламалар жіберу пилоттық жобасы іске қосылады, деп хабарлайды Kursiv.media.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына қарағанда, 26 қазанынан бастап еліміздің барлық өңірінде жүргізілген екпелер туралы хабарламалар жіберу жоспарланып отыр.

«Қазақстанда скринингтерден уақтылы өтуге, вакцинациялау туралы мәліметтерді тексеруге және көрсетілген медициналық қызметтерді растауға арналған жаңа цифрлық сервистер енгізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

19 қазаннан бастап Ақмола облысында, Абай және Ұлытау облыстарында 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы скринингтерден өту қажеттігі туралы жеке SMS-ескертулер жіберу жоспарланған.

Жүйе жүрек-қантамыр және онкологиялық ауруларды, қант диабетін, ми қанайналымының бұзылуын және вирустық гепатиттерді ерте анықтауды қоса алғанда, алты бағыт бойынша профилактикалық тексеруден өтуі қажет азаматтарды автоматты түрде анықтайды. Хабарлама алған азамат тексеруден өту үшін өзі тіркелген емханаға жүгіне алады.

Айта кететін жайт, Қазақстанда маусымдық тұмауға қарсы тегін вакцина салу басталды. Бұл мақсатқа 2,1 млн доза вакцина сатып алынған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар