Павлодар облысында жылына 500 мың тонна кен өңдейтін фабрика салынады
Павлодар облысы Баянауыл ауданында Жуантөбе кен орнының полиметалл кендерін өңдейтін фабрика салынбақ. Жобаны отандық Capital Stroy V компаниясы жүзеге асырады. Кәсіпорынның жобалық қуаттылығы жылына 500 мың тоннаға дейін кен өңдеуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Qazba.kz дерегінше, фабрика жыл сайын шамамен 7,3 мың тонна мыс пен қорғасын, сондай-ақ 3,5 мың тонна цинк концентратын шығарады. Ғимаратты 10 айда салып бітіру жоспарланған. Ал фабриканың өзі 11 жылдай жұмыс істейді. Жалпы бұл кен орнын игеруге 20 жылдай уақыт кетеді.
Кен орнында мыс, цинк, қорғасын, күміс және алтын қорлары анықталды. 2025 жылдың басындағы ресурстарды бағалау бойынша, 2,16 млн тонна кеннің құрамында:
Бұдан бөлек, 71,5 тонна күміс және 266,7 кг алтын бар екені белгілі болды.
Айта кетерлігі, бұл кен орны 1851 жылдан бері белгілі. Оны өнеркәсіптік игеру ежелгі қазба орындарынан кен тапқан кәсіпкер Поповтың есімімен тығыз байланысты. 1942 жылы кен орнын «Майқайыңалтын» тресі зерттегенімен, ол кездегі алтынның мөлшері өнеркәсіптік деңгейге жетпеген еді.
Оқи отырыңыз: Ақтөбеде 60 млрд теңгеге шыны ыдыс шығаратын зауыт салынады
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
15 қазан 2026