Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына ақша қайдан бөлінеді

kz.kursiv.media

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына ақша қайдан бөлінеді

Құрылтайдағы брифингте ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин алдағы мәслихат сайлауына қажетті қаражат үкімет резервінен бөлінетінін айтты, деп хабарлайды Kursiv.media.

Оның сөзінше, сайлау науқанының ұзақтығы мен сайлау учаскелерінің саны белгілі болғаннан кейін орталық сайлау комиссиясы қажетті қаражат көлемін есептейді. Осыдан соң тиісті сома үкімет резервінен бөлінеді.

«Бізде үкімет резервінде осындай іс–шараларға байланысты қаражат салынады. Сол себепті қаржы сол жерден алынады», – деді Жұманғарин.

Мемлекет басшысы Қасым– Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан еді. Ал орталық сайлау комиссиясы елде мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашада өтетінін жариялады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
14 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар