Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Каспий жағалауынан 15 итбалықтың өлексесі табылды

kz.kursiv.media

Каспий жағалауынан 15 итбалықтың өлексесі табылды

Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауынан бірден 15 итбалықтың өлексесі табылды, деп хабарлайды Kursiv.media Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Өлген жануарларды «Каспий итбалығы» мемлекеттік табиғи резерватының инспекторлары жағалау аймағына мониторинг жүргізу барысында байқаған.

«Анықталған факт туралы тиісті уәкілетті органдарға хабарланды. Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің қызметкерлері теңіз суы мен топырақтан сынамалар алды, одан кейін белгіленген санитарлық талаптарды сақтай отырып, жағалауды тазалау жұмыстары ұйымдастырылады», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта жағалау аймағына мониторинг жүргізу жалғасып жатыр. Жануарлардың өлім себебі тиісті зерттеулердің нәтижесі бойынша анықталады.

Министрліктен түсіндіргендей, көктемгі-күзгі кезеңде Каспий теңізінің қазақстандық секторының жағалауында, соның ішінде Маңғыстау облысында, солтүстік-батыс және батыс бағытынан соққан дауылды желдер кезінде өлі итбалықтардың жағаға шығып қалу фактілері тіркеліп тұрады.

Бұған дейін де Баутино кентіндегі Каспий теңізінің жағалауынан итбалықтар мен бекіре балықтарының өлексеслері табылған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
13 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар