Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Табытта жатқан жасөспірім қыз жаназасында тіріліп кетті

kz.kursiv.media

Табытта жатқан жасөспірім қыз жаназасында тіріліп кетті

Гватемалада туыстары жиналып, қоштасу рәсімін өткізіп жатқанда табытта жатқан 15 жастағы қыз тіріліп кетті, деп хабарлайды Kursiv.media.

The Sun басылымының хабарлауынша, медициналық орталыққа барар жолда Юлейди атты жасөспірімнің кенеттен жағдайы нашарлаған. Әкесі қызының тынысы мен пульсін тексеріп, қайтыс болды деп есептеген.

Қызды өлді деп дәрігерлерге апармаған. Қайтыс болғаны туралы куәлік те алып үлгермеген.

Содан кейін отбасы үйде қоштасу рәсімін ұйымдастырған. Рәсім кезінде Юлейдидің анасы табыттың қозғалғанын байқаған. Туыстары дереу оны ашып, қызды шығарып алған.

«Тірі қалғаным үшін Құдайға және ата-анама алғыс айтамын», – деді Юлейди.

Бұл оқиғадан кейін қыз үйінде болып, қалпына келе бастаған. Гватемала билігі бұл жағдайға қатысты әзірге ешқандай ресми түсініктеме бермеген.

Айта кететін жайт, АҚШ-та өлім жазасы қолданылған америкалық әйел тіріліп кеткен еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
13 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар