Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақмоншақ Нұртаза АҚШ елшісін балаша қуантты

kz.kursiv.media

Ақмоншақ Нұртаза АҚШ елшісін балаша қуантты

Ақмоншақ Нұртаза АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули М. Стаффтты балаша қуантты, деп хабарлайды Kursiv.media.

Астанадағы №58 мектеп-гимназиясының директоры елшіге бір қорапқа салынған түрлі кәдесый жолдаған.

«Мен елшіден дәл осындай реакция күтпедім. Кішкентай затта балаша қуануы мені қанаттандырды», – деп, Ақмоншақ Нұртаза бейнежазба жариялады.

Джули М. Стаффтты әдемі қораптың өзіне де таңырады. Мәз болып, ынты-шынтысымен сыйлықтарды ашып көре бастады.

«Бұл шақыру екен! О құдайым, Бұл керемет! Тағы да бір зат бар екен. Олар мұны қалай жасады екен. Бұл блокнотқа менің есімім жазылыпты. О, Қазақстан шоколады! Менің ең жақсы көретінім. Бұл мен көрген ең керемет фото-сурет! О, дорба, мұны мектепке ұстап барсам бола ма?», – деп балаша шаттанған.

Елші, тіпті, қазақстандық әнші Еңліктің әндерін де білетін болып шықты. Кішкентай музыкалық қорапшадан оның әні ойнағанда, дереу билеп кетті.

Ақмоншақ Нұртаза бір бокстың ішіне осынша сезім сыйып кетеді деп ойламағанын айтты. Оның сөзіне қарағанда, оны ерекше сезіммен жасаған.

«Әр сыйлыққа қазақы нақыш қосып, Джули Стаффт ханымға қазақ елінің қонақжайлығын, мәдениетін және жылуын сезіндіруді қаладық. Джули ханымның әр қарапайым сыйлыққа балаша қуанып, әр заттың мәніне үңілгені ерекше әсер етті», – деп жазды мектеп директоры.

Айта кететін жайт, «Алтын ханым» атанған мектеп директоры мұның алдында клип түсірген еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
13 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар