«Қазақтелеком» видеомониторинг жүйесінің операторы болып бекітілді
«Қазақтелеком» ұлттық видеомониторинг жүйесінің операторы болып бекітілді. Бұл туралы Үкімет қаулысында айтылған.
Компания «Киберқауіпсіздік туралы» заңның 6-бабының 2-1-тармақшасына сәйкес оператор болып таңдалған.
«Қазақтелеком» акционерлік қоғамы ұлттық бейнемониторинг жүйесінің операторы болып айқындалсын», – делінген құжатта.
Айта кетейік, 2026 жылдың маусымында кейбір заңнамалық актілерге цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол жүрісі және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Нәтижесінде «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» заңға ұлттық бейнемониторинг жүйесіне қатысушылардың өзара іс-қимылын үйлестіру туралы бап қосылған.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
13 қазан 2026