Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«BIKESH 2026»: Кәсіпкер әйелдер марапатталды

kz.otyrar.kz

«BIKESH 2026»: Кәсіпкер әйелдер марапатталды

Әр табысты кәсіптің артында батыл қадам, үздіксіз ізденіс пен үлкен арман тұрады. Ал сол арманды нақты іске айналдыру үшін біліммен қатар қолдау қажет. Әйелдердің кәсіпкерлік әлеуетін арттырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашуды мақсат еткен «Сырласу» жобасы жылды қорытындылады. «Arnur Credit» микроқаржы ұйымы ұйымдастырған BIKESH 2026 салтанатты іс-шарасында бір жыл бойы бас қосқан кәсіпкер әйелдердің жетістіктері сараланып, конкурс жеңімпаздары марапатталды.

Жаркент қаласының тұрғыны, Күлбюбю Чонпонкулова 2012 жылы «Арнұр кредит» микроқаржы ұйымынан несие алып, бизнес бастаған. Бүгінде 15 жылдан бері алты қанатты киіз үй, ағаш үйлер жасап, көптің көңілінен шығып отыр. Айтуынша, керек-жарағын шетелден тасымалдап, тұтынушылардың алғысына бөленген. Бүгінде еңбегі еленіп, отбасылық бизнес 500 мың теңге сертификатына ие болды.

КҮЛБЮБЮ ЧОНПОНКУЛОВА, КӘСІПКЕР: «Бүгін менің қунышымда шек жоқ, мен өте қуаншытымын. Еңбегімнің ақталғанына қуанышытмын. «Арнұр кредит» банк дами берсін. Әрдайым клиенттерін қуанта берсін. Өсе берсін. Біз өте қуаныштымыз».

Биыл «Сырласу» жобасы тоғыз филиалды қамтып, еліміздің тоғыз елді мекенінде ұйымдастырылды. Шамамен 800 әйел қатысып, өз кәсібін дамытуға қатысты мәселелерді талқылап, жаңа білім мен пайдалы байланыстарға қол жеткізді.

БАҒЛАН ЕРІМБЕТОВ, НЕСИЕЛЕНДІРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: «Бізде бес бағдарлама болды. Жеңімпаздар әртүрлі елді-мекеннен болды. Сонау Жаркенттен елді-мекеннен ата кәсіпті дамытып келе жатқандар номинация алды. Бізде биылдан бастап стартап деген жаңадан бастама қосылғалы жатыр. «Арнұр кредиттің» мекемесінде 29 мыңдай клиенттеріміз бар. Оның 50 пайызы ханымдар деп айтсақ болады. Жылдан-жылға ханымдар көбейіп жатыр».

Іс-шара барысында қатысушылар тек спикерлермен танысып қана қоймай, викториналық сұрақтарға жауап беріп, сыйлыққа ие болды. Сондай-ақ, ойын ойнап көңіл көтерді. Тіпті ән шырқап, би биледі.

Шағын және орта бизнесті қолдау, экономиканы дамытудың маңызды бағыттарының бірі. Бұл ретте «Арнұр Кредит» микроқаржы ұйымы 25 жылдан бері кәсіпкерлерді қаржыландырып, әсіресе ауыл тұрғындары мен әйелдердің іскерлік әлеуетін арттыруға үлес қосып келеді.

ЕРБОЛ ОМАРХАНОВ, ҚАЗАҚСТАН МИКРОҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: «Арнұр Кредит» – микроқаржы саласындағы бірегей компания. Ұйым шағын және орта бизнесті, әсіресе ауыл тұрғындарын 25 жылдан бері қаржыландырып келеді. Негізгі клиенттері – агроөнеркәсіп кешенінде, қызмет көрсету саласында және сауда бағытында еңбек ететін азаматтар. Компания ширек ғасыр бойы шағын және орта бизнесті қолдау, азаматтардың іскерлік белсенділігін арттыру миссиясын табанды түрде жүзеге асырып келеді. Бүгінгі іс-шара «Арнұр Кредиттің» әйелдерді қолдауға, соның ішінде әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға қосып отырған үлесін айқын көрсетеді. Осы орайда «Арнұр Кредит» компаниясына табыс пен өркендеу тілейміз».

Байқаудың басты мақсаты, кәсіпкер әйелдердің әлеуетін арттырып, олардың бастамаларына қолдау көрсету. Қоғам және мемлекет қайраткері Бақыт Сыздықованың айтуынша, мұндай кездесулер әйелдердің бір-біріне демеу болып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашуына ықпал етеді.

БАҚЫТ СЫЗДЫҚОВА, ҚОҒАМ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІ: «Мен бүгінгі іс-шарадан ерекше әсер алып, үлкен шабытқа бөлендім. Бүгін «Әйел – әйелге тірек» деген ұғымның мәнін терең сезіндім. Бұл – баға жетпес құндылық. Іс-шараны ұйымдастыру комитетінің басым бөлігі әйелдерден құралған. Қатысушылар да – әйелдер. Жеңімпаздарға керемет сыйлықтар мен бағалы жүлделер табысталды. Бірақ ең бастысы – бұл емес. Ең маңыздысы – әйелдердің бастамаларын қолдау, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту. Бүгін біз көптеген тамаша жобаны көрдік. Байқауға шамамен 120 әйел қатысты. Әрине, олардың барлығы бірдей жеңімпаз атанған жоқ. Алайда Қазақстанда осындай бастамалардың жүзеге асып, қолдау табуының өзі үлкен жетістік деп ойлаймын».

BIKESH 2026 — жылдық қорытындыны жариялап қана қоймай, кәсіпкер әйелдердің бастамалары мен жетістіктерін дәріптейтін маңызды алаң. Биыл конкурсқа өтінім қабылдау үдерісі де цифрландырылып, барлық құжат сайт арқылы қабылданған

Нұргүл Жолымбетова

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар