Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өтірді деген күдікке ілінді
Теміртауда 20 жастағы жігіт өзінің ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Kursiv.Media Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 7 қазанда Республика даңғылындағы пәтерлердің бірінде болған. Сол күні пәтерден 52 жастағы ер адам мен 49 жастағы әйелдің мәйіті табылды.
Полиция Қылмыстық кодекстің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша іс қозғады.
«Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен марқұмдардың 20 жастағы ұлын анықтап, ұстады», – делінген хабарламада.
Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Осыған дейін Астана қаласында ер адам өзінің бұрынғы әйелін пышақтап өлтірген.
- Соңғы
- Қазан, 09
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
10 қазан 2026