Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астанада адам ұрлау және бопсалау қылмысы үшін үш ер адам сотталды

kz.kursiv.media

Астанада адам ұрлау және бопсалау қылмысы үшін үш ер адам сотталды

Астанада адам ұрлау және бопсалау қылмысы үшін үш ер адам сотталды, деп хабарлайды Kursiv.media.

Астана прокуратурасының хабарлауынша, олар Telegram мессенджерінде қыздардың жалған аккаунттарын пайдаланып, ер адамдарды кездесуге алдап шақырып жүрген. Содан кейін қаладан тыс жерге күштеп алып кетіп, ұрып-соғып, масқаралайтын бейнежазбаларды таратамыз деп қорқытқан.

Қаскөйлер бопсалау арқылы үш жәбірленушіден жалпы сомасы 2,2 млн теңгені иемденген. Бірін микроқаржылық несие рәсімдеуге мәжбүрлеген. Ал екіншісінің автокөлігін иемденіп алған.

«Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың кінәсін толық дәлелдеді. Сот үкімімен үш сотталушы адам ұрлау және бопсалау қылмыстары үшін 7 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды», – делінген ақпаратта.

Жәбірленушілердің келтірілген залалды өтеу туралы азаматтық талап-арыздары қанағаттандырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Аайта кететін жайт, Ақтөбеде ер адамды таксиден күштеп шығарып, жүксалғышқа салғандар ұсталды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар