Астаналықтарға 86 500 теңгеге дейін ақша беріледі: төлем кімдерге арналған
Астанада мүгедектігі бар адамдар күніне орай біржолғы әлеуметтік көмек төленеді. Биыл бұл күн 11 қазанда аталып өтеді. Төлем мөлшері мүгедектік тобына байланысты және 86 500 теңгеге дейін жетеді.
Бұл көмек елорда мәслихаты бекіткен әлеуметтік көмек көрсету қағидаларында қарастырылған.
Біржолғы ақшалай көмек Астана тұрғындарының мына санаттарына беріледі:
Біржолғы әлеуметтік көмек алу үшін бөлек өтініш берудің қажеті жоқ. Төлем «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметтері негізінде тағайындалады.
Егер тұрғын 2026 жылы басқа негіз бойынша біржолғы әлеуметтік көмек алған болса, оған бұл төлем қайта берілмейді.
Біржолғы төлем мүгедектігі бар адамдар күніне орай беріледі. Бұл күн жыл сайын қазан айының екінші жексенбісінде атап өтіледі. Биыл ол 11 қазанға сәйкес келеді.
Айта кетейік, Қазақстанда мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдаудың бірнеше түрі қарастырылған. 2026 жылы мүгедектік белгіленген азаматтарға ай сайынғы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мынадай мөлшерде төленеді: I топқа – 111 873 теңге, II топқа – 89 498 теңге, ал III топқа – 61 022 теңге беріледі.
- Соңғы
- Қазан, 09
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
10 қазан 2026