Алматыда Абылай хан даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады
Алматыда LRT жобасын іске асыру аясында Абылай хан даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігі хабарлады.
Атап айтқанда, 10 қазан сағат 08:00-ден 11 қазан сағат 20:00-ге дейін Райымбек даңғылынан Мәметова көшесіне дейінгі аумақта көлік қозғалысы жабылады.
Жөндеу жұмыстары жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады. Соған байланысты әкімдік көлік жүргізушілерінен жол бағытын алдын ала жоспарлауды сұрады.
Айта кетейік, Алматыда LRT-ның бірінші кезеңі 2027 жылдың желтоқсанында аяқталады. Ол Алатау ауданындағы Индустриялық аймақтан Момышұлы көшесі арқылы Төле би көшесіне дейін, одан Төле би бойымен Абылай хан даңғылы арқылы Алматы-2 вокзалына дейін барады.
Екінші кезеңінде қоғамдық көлікті Төле би көшесі арқылы «Барлық» базарына дейін ұзарту жоспарланған.
- Соңғы
- Қазан, 09
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
10 қазан 2026