Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Мәслихат депутаттарының саны өзгерді: ОСК жаңа тәртіп бекітті

kz.kursiv.media

Мәслихат депутаттарының саны өзгерді: ОСК жаңа тәртіп бекітті

Орталық сайлау комиссиясы мәслихат депутаттарының санын айқындау тәртібіне өзгерістер енгізді. Тиісті қаулы 2026 жылғы 2 қазанда қабылданған, деп жазады Kursiv Media.

Жаңа өзгерістерге сәйкес, бірқатар қалалар мен аудандардағы мәслихат депутаттарының саны нақтыланды.

Атап айтқанда, Ақтөбе қаласында депутаттар саны 30, Таразда 28, Семейде 22 болып белгіленді. Ал жаңадан қосылған Алатау қалалық мәслихатына 11 депутат сайланады.

Аудандық мәслихаттар бойынша да өзгерістер бар. Алматы облысының Қарасай, Еңбекшіқазақ және Іле аудандарында депутаттар саны 25 болып белгіленді. Жамбыл облысының Жамбыл ауданында 13 депутат сайланады. Сонымен қатар Абай облысының Үржар ауданында 11 депутат қарастырылған.

Шығыс Қазақстан облысының Күршім, Катонқарағай, Үлкен Нарын және Марқакөл аудандарында, сондай-ақ Абай облысының Мақаншы және Жаңасемей аудандарында мәслихат депутаттарының саны 10 болып белгіленді.

Қаулыға сәйкес, облыстық мәслихаттарда халық саны 300 мың адамға дейін болған жағдайда 26 депутат, ал Астана мен республикалық маңызы бар қалаларда халық саны 1,1 миллион адамға дейін болған кезде 30 депутат қарастырылады.

Халық саны артқан сайын депутаттар саны да белгіленген тәртіппен көбейеді. Қалалық мәслихаттарда халық саны әр 25 мың адамға, ал аудандық мәслихаттарда әр 15 мың адамға өскен сайын депутаттар саны бір орынға артады. Депутаттар саны тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің халық санына қатысты ресми статистикалық деректер негізінде айқындалады.

Тағы да оқыңыз: Құрылтай жанындағы мәслихаттар кеңесі қалай жұмыс істейді – түсіндіреміз

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар