Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Польшада мектепке жасалған шабуыл кезінде мұғалім қайтыс болды

kz.kursiv.media

Польшада мектепке жасалған шабуыл кезінде мұғалім қайтыс болды

Польшада Варшава маңындағы Лещидул-Новыны елді мекеніндегі бастауыш мектеп қызметкерлеріне 15 жастағы жасөспірім пышақпен шабуыл жасаған. Бір әйел қаза тауып, тағы екі адам жарақат алды, деп хабарлайды Кursiv.Media.

TVN24 басылымының ақпаратына сүйенсек, оқиға 8 қазанда болған. Жасөспірім алдымен мектептің 37 жастағы қызметкеріне шабуыл жасаған. Мұны естіген директор шабуылдаушыны залалсыздандыруға әрекет жасаған. Оған мұғалім көмектескен. Екеуі де жарақат алған, алайда өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Мектеп қызметкеріне дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсетіп, реанимация жасауға тырысқанымен, оны құтқару мүмкін болмаған. Қаза тапқан әйелдің артында екі баласы қалды.

Полиция жасөспірімді ұстады. Ол бұған дейін осы мектепте оқыған, қазір кәсіптік училищеде білім алып жүрген. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жасөспірімнің жанында үш пышақ болған. Шабуылдың нақты себебі әзірге белгісіз.

Польша премьер-министрі Дональд Туск министрлермен шұғыл кеңес өткізді. Оның айтуынша, жасөспірім шабуылды видеоға түсіруді жоспарлаған.

«Оның камерасы бар дулығасы болған. Ол пышақпен жасалған шабуылды видеоға түсірмек болған», – деді премьер-министр.

Айта кетейік, осыған дейін Түркияның Османие провинциясында мектеп мұғалімі оқу орнының аумағында қарулы шабуылдан қаза тапқан еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар