Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Денсаулығына байланысты үзіліс алған Рыбакина мәлімдеме жасады

kz.kursiv.media

Денсаулығына байланысты үзіліс алған Рыбакина мәлімдеме жасады

Әлемнің бірінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA-ның 2026 жылғы қорытынды турниріне жолдама алғанын мәлімдеп, жанкүйерлерін жарысты тамашалауға шақырды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

«Баршаңызға сәлем! WTA-ның қорытынды турниріне жолдама алғаныма өте қуаныштымын. Индиан-Уэллске келіп, біздің ойынымызды тамашалаңыздар», – деді қазақстандық теннисші.

WTA-ның қорытынды турнирі 8–15 қараша аралығында АҚШ-тың Калифорния штатындағы Индиан-Уэллс қаласында өтеді. Жарысқа маусым бойы үздік нәтиже көрсеткен теннисшілер қатысады.

A post shared by WTA (@wta)

Рыбакинадан бөлек, жекелей сында әлемнің екінші ракеткасы Арина Соболенко мен ресейлік Мирра Андреева да турнирге қатысу құқығын қамтамасыз еткен.

Еске салайық, Елена Рыбакина Бейжіңде өткен WTA 1000 турнирінің екінші айналымында әлемдік рейтингте 118-орында тұрған Алина Чараевадан 6:3, 4:6, 3:6 есебімен жеңілген еді.

Осы кездесуден кейін қазақстандық теннисші денсаулығына байланысты жарыстардан уақытша үзіліс алатынын хабарлап, Уханьдағы WTA 1000 турнирінен бас тартты.

Соған қарамастан, қазақстандық теннисші маусымның басты жарыстарының бірі саналатын WTA қорытынды турниріне қатысуды жоспарлап отыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
9 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар