Қаржыгерлердің жаңа болжамы: базалық ставка 14,5%-ға дейін түсуі мүмкін
Қазақстан қаржыгерлері Ұлттық банк ақша-несие саясатын жұмсартуды жалғастырады деп күтеді. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы жүргізген сауалнамаға қатысқан сарапшылардың 85%-ы 23 қазанда базалық мөлшерлеме төмендейді деген пікірде. Мөлшерлеменің төмендеуін күтетіндердің 71%-ы Ұлттық банк ең аз қадамды — 0,25 пайыздық тармақты таңдап, ставканы 16%-ға түсіреді деп болжайды.
Қаржы нарығы өкілдерінің инфляцияға қатысты болжамы да жақсарған. 12 айдан кейінгі инфляция 9,7% деңгейінде күтіледі. Бір ай бұрын сарапшылар оны 10,4% деп бағалаған. Базалық мөлшерлеме бір жыл ішінде 14,5%-ға дейін төмендеуі мүмкін.
Нарық Ұлттық банктен мөлшерлемені төмендетуді күтеді.
Қаржыгерлер қысқа мерзімде теңгенің нығаюын күтеді.
Теңгеге қатысты күтулер де нығайған. Сарапшылар қараша айының басында доллар бағамын 456,5 теңге, ал 12 айдан кейін 502,6 теңге шамасында күтеді. Бұған теңгелік құралдардың жоғары нақты кірістілігі, Ұлттық банктің валюта сатуы және мемлекеттік бағалы қағаздарға шетелдік инвесторлар қаражатының келуі әсер етуі мүмкін.
Ал Brent мұнайының бір жылдан кейінгі бағасы барреліне 79 доллар деңгейінде болжанып отыр. Соған қарамастан, Қазақстан экономикасының алдағы 12 айдағы өсімі 4,4% деңгейінде сақталады деген болжам бар.
- Соңғы
- Қазан, 08
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
9 қазан 2026