Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Соғыс аймағында жүрген 14 азамат Қазақстан елшілігіне жеткізіледі

kz.kursiv.media

Соғыс аймағында жүрген 14 азамат Қазақстан елшілігіне жеткізіледі

Луганскідегі соғыс аумағында жүрген 14 қазақстандықты бүгін сағат 13:00-ге дейін елшілікке алып кету жоспарланып отыр. Бұл туралы майданда жүрген қазақстандық Айнабек Келдібектің әпкесі Сымбат Еркінбек хабарлады, деп хабарлайды Kursiv.media.

«Сүйінші, халқым. Бүгін 14 баланы соғыс аумағынан түскі сағат 13:00 дейін елшілікке алып кететін болды. Біздің ең алғашқы талабымыз балаларды соғыс аумағынан әкету болған. Себебі кез келген уақытта оларды соғысқа әкетіп қалуы мүмкін еді»,– деп жазды ол.

Сымбат Еркінбектің айтуынша, бұл ақпаратты оларға сыртқы істер министрлігі хабарлаған. Жағдай жайлы толық кейінірек ақпарат таратылады.

Осыған дейін Ресейге жұмысқа кетіп, алданған жас жігіттердің көмек сұраған видеоүндеулері тарады.

Олардың туыстары күні кеше Астанада Сыртқы істер министрлігінің алдына жиналып, жақындарын елге қайтаруды сұрады.

Бұл іспен айналысып жүрген Мейірман Шекеев арнайы комиссия құруды ұсынған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
9 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар