Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жетісуда 2,3 мың гектардан астам жер үш ирандыққа тиесілі болған

kz.kursiv.media

Жетісуда 2,3 мың гектардан астам жер үш ирандыққа тиесілі болған

Жетісу облысында шетелдік қатысуы бар компанияның 2,3 мың гектардан астам жері мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Kursiv.media.

Ба прокуратураның мәліметінше, бұл жердің құны – шамамен 50 млн теңге. Шетелдік қатысуы бар жеке компанияның заңсыз иелігінде болған. Осы ауыл шаруашылығы жерін мемлекетке қайтару туралы шешім қабылданған.

«Жер заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау барысында аталған жер учаскелері иелігінде болған заңды тұлғаның құрылтайшылары Иранның үш азаматы екені анықталды. Жер учаскелері Ескелді ауданында орналасқан және Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптарын бұза отырып берілген», – делінген хабарламада.

Мемлекет мүддесін қорғау мақсатында Ескелді ауданының прокуратурасы жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару туралы талап арызбен сотқа жүгінген. Сот талап арызды қанағаттандырып, 2,3 мың гектар ауыл шаруашылығы жерін мемлекетке қайтару туралы шешім қабылдады. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кететін жайт, Абай облысындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында прокуратура рейд барысында 30-дан астам заң бұзушылықты анықтады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
9 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар