Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тоқаев: Алдағы 14 жылда Каспий арқылы жүк тасымалы 4 есе өседі

kz.kursiv.media

Тоқаев: Алдағы 14 жылда Каспий арқылы жүк тасымалы 4 есе өседі

Дүниежүзілік банктің бағалауынша, 2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе ұлғаяды. Бірақ ол үшін жоспарланған инфрақұрылымдық міндеттер толық жүзеге асырылуы керек. Түркіменстанға ресми сапармен барған Тоқаев Орталық Азия және Әзербайжан елдері басшыларының саммитінде осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Kursiv Media жазады.

Орта дәлізді TRIPP көлік бастамасымен ұштастыру мәселесін сарапшылар деңгейінде талқылауға болады деп ойлаймын. Бұл жоба әлеуетімізді арттырады әрі барлық мемлекеттің ұзақмерзімді мүддесіне сай келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің пікірінше, Орталық Азия тұрақтылығына қатер төндіретін басты сынақтардың бірі ретінде су мәселесін де атап өтті.

«Алдымызда трансшекаралық су ресурстарын басқарудың тың тәсілдерін әзірлеу міндеті тұр. Бұл жұмыста өзара құрмет, теңқұқылық қағидаттары негізге алынып, аймақтағы барлық елдің мүддесі ескерілуі керек. Орталық Азияның су пайдалану бойынша негіздемелік конвенциясын қабылдау ынтымақтастықтың жаңа өңірлік архитектурасын қалыптастыратын алғашқы қадам болар еді. Құжат жобасы тараптардың қарауына ұсынылды. БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру бастамасы өте өзекті. Оны халықаралық, атап айтқанда, Орталық Азияның ортақ ұстанымы ретінде бірге ілгерілету су ресурстарын басқарудың жаһандық жүйесіне қосқан үлесіміз болмақ», – деді ол.

Айта кетейік, Тоқаев қазір Түркіменстанда жүр. Ол 8–9 қазан күндері Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовтің шақыруымен Авазада өтетін бірқатар халықаралық жиынға қатысады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
9 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар