Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Уағызшы Мұбаровтан сұқбат алған журналист дін істері басқармамен тартысқа түсуде

kz.kursiv.media

Уағызшы Мұбаровтан сұқбат алған журналист дін істері басқармамен тартысқа түсуде

Уағызшы Дарын Мұбаровтан сұқбат алған журналист Айнұр Асанберді Астана қаласының Дін істері жөніндегі құзырлы органымен құқықтық тартысқа түсуде, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Әлеуметтік желідегі журналистің жазбасына сүйенсек, ол Дарын Мұбаровтан сұқбат алғаны үшін елорданың Дін істер басқармасымен тартысқа түскен.

«Журналистің құқығы шектелмеуі керек! Сұрақ қою – қылмыс емес, сұқбат алу – журналистің кәсіби құқығы! Біз өз құқығымызды соңына дейін қорғаймыз», – деп жазды журналист.

Журналистің қорғаушысы Инга Иманбайдың айтуынша, Асанбердіге қатысты іс ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 1-бөлігінің 3) тармағында көзделген құқық бұзушылық (діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге, әзірлеуге, шығаруға, басып шығаруға және (немесе) таратуға белгіленген талаптарды бұзу) бойынша қаралуда.

«Айнұр Асанберді – жоғары білімі бар, дипломды журналист. Ол өзінің кәсіби қызметі аясында сұхбаттар мен подкасттар жүргізген. Ол діни рәсім өткізген жоқ, өзін имам немесе діни ұстаз ретінде таныстырған жоқ, адамдарды қандай да бір дінді қабылдауға шақырған жоқ. Ол сұрақ қойды, сұхбат алды және ақпаратты аудиторияға жеткізді», – дейді заңгер.

Қорғаушы соттан істің құқық бұзушылық құрамы дәлелденбегендіктен істі тоқтатуды сұраған. Іс әлі де жалғасуда.

Айта кетейік, осыған дейін Астана қаласының Дін істер жөніндегі басқармасы журналист Айнұр Асанберді мен уағызшы Дарын Мұбаровтың подкастын тексеруге алғанын мәлімдеген. Басқарма Мұбаровтың Қазақстан аумағында тіркеусіз діни миссионерлікпен айналысқанын алған тартқан еді.

Өз кезегінде журналист сұқбат кезінде ешқандай уағыз, үгіт-насихат айтылмаған айтқан.

Еске салайық, осы жылы көктемде Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы Мұбаровты әкімшілік жауапқа тартып, айыппұл салған. Оны діни мазмұндағы материалдарды заңсыз таратты деп айыптады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар