Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

СІМ соғыста жүрген 14 қазақтың Ресейдегі елшілікке жеткізілгенін терістеді

kz.kursiv.media

СІМ соғыста жүрген 14 қазақтың Ресейдегі елшілікке жеткізілгенін терістеді

СІМ Украинадағы соғысқа жіберілген 14 қазақтың Ресейдегі елшілікке жеткізілгенін терістеді, деп хабарлайды Kursiv.media.

Сыртқы істер министрлінің ақпаратын қарағанда, әлеуметтік желілерде 14 Қазақстан азаматы бүгін қақтығыс аумағынан Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігіне жеткізіледі деген расталмаған мәлімет тарап жатыр.

«Сыртқы істер министрлігі бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдейді. Бұл тақырыптың қоғам үшін, әсіресе азаматтарымыздың туған-туыстары үшін қаншалықты маңызды екенін толықтай түсінеміз. Сондықтан тексерілмеген мәліметтерді таратуға мүлдем жол берілмеуі тиіс», – делінген хабарламада.

СІМ мәліметінше, мұндай ақпарат жақындарынан хабар күтіп отырған отбасыларды адастырады. Негізсіз үміт тудырады әрі азаматтарды қорғау жөніндегі Министрліктің жұмысына кері әсерін тигізуі мүмкін.

«Министрлік Ресей тарапымен түрлі деңгейде жұмысын жалғастырып келеді. Мәселе тұрақты бақылауда. Бұл жұмыстың нәтижелері туралы СІМ қосымша хабарлайды. Азаматтар мен БАҚ өкілдерін тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырамыз. Қазақстан Республикасының заңнамасында жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік көзделгеніне назар аударамыз», – делінген СІМ хабарламасында.

Айта кететін жайт, Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Украинадағы соғыстан бір-ақ шыққан қазақстандықтарға байланысты Ресейге нота жолдады. Оларды елге қайтару үшін Ресей тарапымен түрлі деңгеде келіссөз жүріп жатқанын да хабарлаған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
9 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар