Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Емханалар 100 балдық жүйемен бағаланады: науқастың пікірі ескеріледі

kz.kursiv.media

Емханалар 100 балдық жүйемен бағаланады: науқастың пікірі ескеріледі

Қазақстанда емханалардың жұмысын бағалау тәсілі өзгеруі мүмкін. Енді медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарын бағалағанда дәрігерлердің қанша пациент қабылдағаны ғана емес, медициналық көмектің нақты нәтижесі де ескеріледі, деп жазады Kursiv.Media Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Жаңа жүйеде науқастың бейінді дәрігерді қанша уақыт күткені, қажетті тексерулерден уақытында өткені, диагнозы мен емдеу жоспарын түсінгені, емнен кейін денсаулығының жақсарғаны және ауруханадан шыққан соң дәрігер бақылауында болғаны бағаланады.

Енді емхана жұмысы 100 балдық бірыңғай жүйе арқылы бағаланады. Бұл көрсеткіштер денсаулық сақтау жүйесіндегі мәліметтерге сүйеніп, әр үш ай сайын автоматты түрде есептеледі.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, емханаларды формалды түрде бағалаудан бас тарту қажет.

«Басты критерий – көрсетілген медициналық көмектің сапасы. Яғни пациент қажетті маманға қаншалықты жылдам барды, диагностикадан уақытында өтті ме және емделгеннен кейін бақылауда болды ма – осының бәрі ескерілуі керек», – деді министр.

Емханалардың профилактикалық жұмысына да жеке баға беріледі. Мысалы, балалардың жоспарлы вакцинациямен қамтылуы, скринингтен өту деңгейі, сүт безі обырына күдік болған жағдайда диагнозды уақытында анықтау, жатыр мойны обыры мен колоректалдық обырды анықтау үшін қажетті тексерулердің уақытында аяқталуы ескеріледі.

Емхананы бағалауда науқастардың да кері байланысы да есепке алынады. Мәселен, медициналық көмекті алу қаншалықты оңай болды, дәрігер диагнозын және әрі қарай не істеу керегін түсіндірді ме, емнен кейін денсаулығы жақсарды ма – осы сұрақтарға мән беріледі.

Жаңа тәртіп бойынша тексеру нәтижелері мен дәрігердің ұсынымдары пациенттің жеке кабинетіне автоматты түрде жіберіледі. Яғни науқас тек анализ нәтижесін алу үшін емханаға қайта баруға міндетті болмайды.

Оқи отырыңыз: Шетелде емделгіңіз келе ме: министрлік сенімді клиникалардың тізімін жасады

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
9 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар