Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шымкентте Сабыр Рахымов атындағы әскери колледждің 105 кадеті Әскери ант қабылдады

kz.otyrar.kz

Шымкентте Сабыр Рахымов атындағы әскери колледждің 105 кадеті Әскери ант қабылдады

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Сабыр Рахымов атындағы әскери колледжінде 1-оқу ротасы кадеттерінің Әскери ант қабылдау рәсімі өтті.

Салтанатты іс-шара барысында 105 кадет алғаш рет Әскери ант қабылдап, Отанға адал болуға, әскери борышын абыроймен атқаруға, әскери тәртіп талаптарын қатаң сақтауға дайын екенін білдірді.

Салтанатты рәсім жеке құрамның сап түзеуінен және Жауынгерлік Тудың шығарылуынан басталды. Әскери колледждің бастығы подполковник Талғат Әлімов командалық құрамға жеке құрамның Әскери ант қабылдауға дайындығы туралы баяндады. Одан кейін Мемлекеттік Әнұран орындалды.

Әскери колледждің бастығы кадеттерге Әскери анттың маңызы мен оны қабылдағаннан кейін әскери қызметшіге жүктелетін жауапкершілік туралы айтып өтті.Жас кадеттер үшін бұл күн салтанатты рәсіммен қатар, әскери-кәсіби қалыптасу жолындағы маңызды кезең болды. Әскери колледжде білім алу барысында кадеттер әскери даярлықпен қатар, тәртіптілік, жауапкершілік және әскери қызметке қажетті кәсіби дағдыларды меңгереді.Әскери ант қабылдау рәсімі аяқталғаннан кейін 1-оқу ротасының командирі майор А. Парманов 105 кадеттің Әскери антқа келтірілгені туралы баяндады. Командалық құрам жас сарбаздарды маңызды оқиғамен құттықтады.Іс-шара барысында кадеттерге Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас сержанты шебер-сержант Темірбек Халықов, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлер қолбасшысының жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары полковник Мырзағали Дарбишев, әскери оқу орнының түлегі генерал-майор Болат Жорабаев, «Қарулы Күштері ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент филиалының төрағасы, Шымкент қаласының құрметті азаматы, Шымкент ардагерлер коалициясының төрағасы отставкадағы полковник Серікбай Онбаев, Шымкент қаласы әкімінің қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі полковник Тимур Бидайбеков және кадеттердің ата-аналары атынан Жамиға Избаева құттықтау сөздерін арнады.Салтанатты іс-шараның ерекше бөлігі – әскери дәстүрлерді сақтауға және аға буынның тәжірибесін Қарулы Күштер қатарындағы жолын енді бастаған жас буынға жеткізуге бағытталған «Ұрпақтар сабақтастығы» рәсімі болды.

1-ші оқу ротасының кадеттері «Сержанттардың ар-намыс кодексін» орындады. Рәсім соңында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас сержанты мастер-сержант Темірбек Халықов өзінің әскери беретін кадет Рамазан Мұхтарұлына табыстады. Әскери намыс, батылдық, тәртіп және әскери бауырластыққа адалдықтың символы саналатын берет беруі – ұрпақтардың ажырамас байланысының және жас кадеттердің өз тәлімгерлерінің ісін абыроймен жалғастыруға дайындығының көрінісі болды.Іс-шараға әскери басқару органдарының өкілдерімен қатар, Қарулы Күштердің ардагерлері, сержанттар құрамы және кадеттердің ата-аналары қатысты. Бұл әскери дәстүрлердің сабақтастығын қамтамасыз етудің және жас ұрпаққа тәжірибе мен құндылықтарды жеткізудің маңызын көрсетті.Салтанатты рәсім жеке құрамның салтанатты шерумен өтуімен аяқталды. Іс-шарадан кейін қонақтар мен кадеттердің ата-аналары үшін Ашық есік күні ұйымдастырылды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
9 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар