Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматы облысында жылына 400 тонна балық өндіретін кәсіпорын ашылды

kz.kursiv.media

Алматы облысында жылына 400 тонна балық өндіретін кәсіпорын ашылды

Алматы облысының Іле ауданында жылына 400 тонна балық өндіретін «Бақыт» кәсіпорны іске қосылды. Жобаның инвестициялық құны 500 млн теңгені құрады, деп хабарлайды Kursiv.Media облыстың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұхаметжан Түймебаев ауылында ашылған шаруашылықта балық өсірумен қатар, ол үшін қажетті тор қоршау мен оның бөлшектері жасалады. Кәсіпорын – аталған құрал-жабдықтарды шығаратын еліміздегі алғашқы өндіріс ошағы.

Биыл өңірде балық шаруашылығын дамытуға 1 млрд теңге субсидия бөлінген. Бүгінде облыста 53 балық өсіретін шаруашылық жұмыс істейді. Былтыр өңірде 5,8 мың тонна балық өндірілді. Биыл оның көлемін 10 мың тоннаға, ал 2030 жылға қарай 20 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр.

Кәсіпорында балықтар көлдің ортасында арнайы тор қоршауда өсіріледі. Шаруақожалық басшысы Бақыт Алдыбаевтың айтуынша, әуелі салмағы 200 грамм шабақ суға жіберіліп, 3 айдың ішінде 2,5-3 келі тартатын балыққа айналады. Балықтарға экологиялық таза жем беріледі.

Кәсіпорын қазірдің өзінде 100 тоннадан астам өнім алып үлгерді. Ол үшін 12 тор қоршау қолданылды. Келесі жылы балық көлемін 400 тоннаға жеткізіп, қоршауды 30-ға көбейту жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар жылына 7 келі балық тұтынады

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар