Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматы көшелерін қазақша айтудан бас тартқан блогердің үстінен шағым түсті

kz.kursiv.media

Алматы көшелерін қазақша айтудан бас тартқан блогердің үстінен шағым түсті

Алматы көшелерін қазақша атауымен айтудан бас тартқан блогер желіде сынға қалып, cancel-ге ұшырады деп жазады Kursiv Media.

Айгерім Бердалиева желіде өзін SMM маманымын деп таныстырады, парақшасында 125 мыңға жуық оқырманы бар. 7 қазанда тредс желісіне пост салып, Еуразия сән апталығының бильбордына түскенін жазған. Бірақ бильборд орналасқан Достық даңғылын кеңестік атаумен Ленина деп жазады. Оқырмандары көшенің атауын қате жазғанын ескерткенімен Бердалиева әсер етпеген сыңайлы. Одан әрі дауласып, Алматыдағы қазақша көше аттарын мойындамайтынын айтқан.

Аз уақыт ішінде блогердің жазбасы үлкен сынға ұшырады. Желі қолданушылары сән апталығы ұйымдастырушыларынан Бердалиеваның бильбордын алып тастауды талап етті. Бір тәулік болмай жатып EFW (Eurasian Fashion Week – ред.) жеке парақшасында блогермен енді жұмыс істемейтінін оның бейнесі барлық бильборд пен экрандардан алынып тасталғанын хабарлады.

Айгерім Бердалиеваның өзі де жазбасын өшіріп, кешірім сұрады.

«Мен ол жазбаны эмоцияға беріліп жаздым. Артынша-ақ өшіріп тастадым, өйткені өзім де оның тым эмоционалды болып шыққанын және бастапқыда айтқым келген ойдың басқаша қабылдануы мүмкін екенін түсіндім. Шынымды айтсам, бұл жазбаның осындай реакция тудыратынын күтпедім. Егер сөздерім біреуге ауыр тиген болса, кешірім сұраймын. Ондай мақсатым болған жоқ», – деген ол жазбасында.

Бірақ оқырмандардың кейбірі оның әрекетін тарихқа деген құрметсіздік деп бағалады. Пиар маманы Айбар Олжаев блогер атынан Бас прокуратураға шағым түсіргенін, оның әрекетіне құзырлы органдар құқықтық баға беретінін айтты.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
9 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар