Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Мемлекеттік жәрдемақы кімдерге беріледі: Үкімет жаңа тәртіпті бекітті

kz.kursiv.media

Мемлекеттік жәрдемақы кімдерге беріледі: Үкімет жаңа тәртіпті бекітті

Қазақстан Үкіметі мемлекеттік жәрдемақылардың тізімін, сондай-ақ оларды тағайындау, төлеуді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату тәртібін бекітті деп хабарлайды Kursiv Media.

Құжатта мемлекеттік жәрдемақының 10 түрі көрсетілген:

Келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап бұл жәрдемақы кей азаматтар үшін тоқтайды. «Отбасының цифрлық картасы» бойынша еңбек министрлігі елдегі жанұяларды бес санатқа бөледі. Оның алғашқы екеуі ауқатты, ал кейінгі үшеуі көмекке мұқтаж деп саналады. Осы үш санатқа кіретін отбасылар ғана мемлекеттен әлеуметтік төлемдер ала алады.

Отбасылар қандай санатқа бөлінетінін мына жерден біле аласыз.

Қай санатқа жататыныңызды білу үшін әлеуметтің жағдайыңызды арнайы баллмен есептеу керек. Kursiv Media редакциясы ол есептеу жүйесін толық мына жерде түсіндіріп өтті.

Оқи отырыңыз: Үкімет жәрдемақысына ілінесіз бе: табысыңызды есептеп көріңіз

Қаулыдағы тағы бір өзгеріс, енді жәрдемақы алу үшін азамат жеке деректерін жинауға және өңдеуге келісім беруі керек. Бұл келісім банктік және заңмен қорғалатын басқа да құпия ақпаратты, сондай-ақ қарыздар мен кредиттік міндеттемелер туралы мәліметтерді қамтуы мүмкін.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
9 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар