Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Түркия Starlink-ке балама спутниктік желі құрады

kz.kursiv.media

Түркия Starlink-ке балама спутниктік желі құрады

Түркия төмен орбитада орналасатын спутниктерден тұратын Astralink байланыс желісін құруды жоспарлап отыр. Жоба ASELSAN компаниясының бастамасымен жүзеге асырылады. Желі Илон Масктың Starlink жүйесіне ұқсас болады деп жазады Kursiv Media. GÖKBAĞ/Astralink спутниктік желісіне өзара байланысқан 198 аппарат кіреді. Алғашқы спутниктерді орбитаға алдағы екі жыл ішінде шығару жоспарланып отыр.Жоба Түркия аумағын ғана емес, елдің одақтастарына да спутниктік байланыс қызметін ұсынады. Жүйе жердегі байланыс инфрақұрылымымен біріктіріледі.

«Astralink арқылы Түркия мен оның одақтастарына әлемнің әртүрлі бөліктерінде қауіпсіз әрі сенімді байланыс қызметін ұсынуды мақсат етіп отырмыз», – деді ASELSAN компаниясының бас директоры Ахмет Акиёл.

Түркияның ғарыш агенттігінің (TUA) басқарма мүшесі Ариф Карабейоғлу да елдің ғарышқа өз бетінше шығу мүмкіндігінің стратегиялық маңызы жоғары екенін айтты.Оның мәліметінше, Түркия Сомалиде ғарыш айлағын салуды жоспарлап отыр. Бұл нысан Түркияға географиялық тұрғыдан тиімді жағдай жасап, болашақта серіктес елдерге де ашық болуы мүмкін.

Миллиардер Илон Маскқа тиесілі SpaceX компаниясы басқаратын Starlink спутник желісі жүздеген елмен серіктес. 2025 жылдан бастап ресми түрде Қазақстанға да кірді. Пойыз жолаушылары осы желі арқылы интернет пайдалана алады. Биыл мамырдан бастап Қырғызстан да Starlink-ке қосылды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
9 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар