Украинада әуе соққысынан екі автобус жарылып, 33 адам мерт болды
Ресей әскері Донецк облысындағы майдан шебіне жақын орналасқан Краматорск қаласына әуе соққысын жасады. Соққы кезінде екі автобус жарылып, 33 адам қаза тапқан, деп жазады Kursiv.Media.
Бір күн бұрын Чернигов облысындағы Прилуки қаласына жасалған зымыран соққысынан 22 адам қаза болған.
«Бүгін шамамен сағат 10:00-де Ресей әскері Краматорскіге Д-30СН бомбасымен соққы жасады. Снаряд қала көшелерінің біріне түскен. Сол уақытта екі бағыттық автобус қозғалып келе жатқан», – делінген Украинаның Ұлттық полициясының хабарламасында.
Құтқарушылардың хабарлауынша, қазіргі уақытта 30 адамның қаза болғаны және 18 адамның жараланғаны белгілі.
Көшенің үстіне көліктерді дрондардан қорғау үшін арнайы тор тартылған. Бомбаның соққысынан ол жыртылып кеткен.
Ресей әскері соққыға қатысты түсініктеме берген жоқ. Краматорск майдан шебіне жақын орналасқан және күн сайын атқылауға ұшырайды. Ресей әскері қала бағытына қарай ілгерілеп келе жатқанын мәлімдейді.
«Донецк облысында әлі де қалып отырғандардың барлығын қауіпсіз аймақтарға эвакуациялануға шақырамын», – деді облыстық әскери әкімшілік басшысы Вадим Филашкин.
Ол Краматорск пен майданға жақын Славянск қалаларындағы қоғамдық көлік жұмысын тоқтатуды тапсырды.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
8 қазан 2026