Қостанайда жаңа индустриялық-логистикалық хаб салынады
«Magnum E-commerce» компаниясы Қостанай қаласында MagnumGo индустриялық-логистикалық хабын салу жобасын іске асыруды жоспарлап отыр. Жобаға 5 млрд теңгеден астам инвестиция тартылады, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Жобаны «Magnum E-commerce» компаниясының бас директорының орынбасары Эльнар Алтаев таныстырды.
Жоба аясында жалпы ауданы 7,7 мың шаршы метр болатын «А» санатты жаңа буындағы индустриялық хаб қойма кешенін салу көзделген. Жобаға 5 млрд теңгеден астам инвестиция тарту жоспарланып отыр.
Индустриялық-логистикалық хаб Kaspi.kz қосымшасындағы Magnum онлайн-супермаркетінің жұмыс істеу қағидаты бойынша қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда онлайн-супермаркетте 10 мыңнан астам тауар түрі ұсынылады. Оның жартысына жуығы – Қазақстанда өндірілген өнімдер.
Жобаны іске асыру нәтижесінде 300-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылады. Жаңа хаб онлайн-супермаркет арқылы тәулігіне 6 мыңға дейін тапсырысты өңдеуге мүмкіндік береді.
Сатып алушылар үшін тауарларды қоймадан тікелей үйге дейін жеткізу қызметі тегін жүзеге асырылады.
Жаңа индустриялық-логистикалық хабтың іске қосылуы Қостанай қаласында заманауи логистикалық инфрақұрылымды дамытуға, электрондық сауда көлемін арттыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге Ақтөбеде құны 60 млрд теңге болатын шыны ыдыстар шығаратын зауыт салу жоспарланып отыр.
- Соңғы
- Қазан, 08
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
9 қазан 2026