Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Стоп-кредит» қосылып тұрса да несие берілетін жағдайлар бар

kz.kursiv.media

«Стоп-кредит» қосылып тұрса да несие  берілетін жағдайлар бар

Елде банктік қарыздар мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту мүмкіндігін беретін «Стоп-кредит» қызметі жұмыс істейді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі еске салды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

«Стоп-кредит» қосылып тұрған кезде банктер мен микроқаржы ұйымдары азаматтарға несие беруден бас тартуға міндетті. Егер осы тыйымға қарамастан несие беріліп қойса, қаржы ұйымы ол қарызды өз есебінен жоюға, азаматтың кредиттік тарихын тазартуға және өндіріп алынған қаражатты қайтаруға тиіс.

Дегенмен заңнамада «Стоп-кредит» ережесі жүрмейтін бірнеше ерекше жағдай бар:

– тұтынушылық қарыз сомасы тікелей тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатушының (өнім берушінің) банктік шотына аударылып, ал тауардың, жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің алынғанын қарыз алушы растайтын болса (тауар кредиті);

– банктік қарыз қарыз алушының сол банктегі басқа қарыз бойынша берешегін өтеу үшін берілсе (ішкі қайта қаржыландыру);

– банктік қарыз төлем картасы бойынша 150 АЕК-тен (648 750 теңге) аспайтын мөлшерде белгіленген кредиттік лимит шеңберінде берілетін болса (тауарларға/көрсетілетін қызметтерге төлем жасау үшін жаңартылатын кредиттік лимит);

– банктік қарыз ақшаны тиісті мақсатына қарай аудару арқылы тек салықтар, айыппұлдар немесе атқарушылық іс жүргізу бойынша берешекті төлеу үшін берілетін болса, банктік қарыздар үшін тыйым салу қолданылмайды.

«Стоп-кредит» қызметі қосулы тұрған кезде микроқаржы ұйымдары бірнеше ерекше жағдайда ғана микрокредит бере алады. Атап айтқанда, бұл тыйым тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер үшін төлемді тікелей сатушыға (өнім берушіге) аударуға кедергі болмайды.

Сондай-ақ азаматтардың сол микроқаржы ұйымындағы бұрыннан бар берешегін қайта қаржыландыруына және салықтарды, айыппұлдарды немесе атқарушылық іс жүргізу бойынша қарыздарды өтеуге арналған микрокредиттерді рәсімдеуіне рұқсат етіледі.

Ломбардтар беретін микрокредиттерге «Стоп-кредит» қолданылмайды.

Егер банктік қарыз (микрокредит) «Стоп-кредитті» бұзу арқылы берілсе, қаржы ұйымы несие берешегін есептен шығару, кредиттік тарихты түзету және қарыз алушыдан өндіріп алынған соманы қайтару жөніндегі заңда көзделген шараларды қабылдауға міндетті.

«Стоп-кредит» тетігі банк немесе микроқаржы ұйымы банктік қарыз (микрокредит) беру кезінде сақтауға міндетті болатын басқа талаптардың күшін жоймайды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
9 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар