Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Оралда екі жасөспірімнің қазасына байланысты іс қозғалды

kz.kursiv.media

Оралда екі жасөспірімнің қазасына байланысты іс қозғалды

Оралда 2010 және 2012 жылы туған екі жасөспірім қаза болды. Бұл факт бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді басталды, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Жергілікті «МойГород» басылымының ақпаратына сүйенсек, Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.

«Тергеу барысы полиция департаменті мен БҚО прокуратурасы басшылығының бақылауында. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді», – деді полиция.

Қайғылы жағдай 6 қазан күні кешке «Строитель» шағынауданындағы көпқабатты үйде болған. Жасөспірімдердің бірі колледжде, екіншісі мектепте оқығаны хабарланды.

Айта кетейік, осыған дейін Алматыда 2026 жылы сәуірдің соңында екі жасөспірім Дінмұхамед Есенгелді мен Ешім Қалдыбай пышақ жарақатынан қайтыс болған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар