Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанда қай өңірдің тұрғындары көп табыс табады? (инфографика)

kz.kursiv.media

Қазақстанда қай өңірдің тұрғындары көп табыс табады? (инфографика)

Қазақстанда айына ең көп табыс табатын және ең аз табыс табатын өңірлер анықталды деп хабарлайды Kursiv Media Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Статистика бюросының 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы дерегіне сүйенсек, қалалар бойынша ең жоғары көрсеткіш Астанада тіркелді – 591 мың теңге. Одан кейін Алматы қаласы – 531 мың теңге. Шығыс Қазақстан облысының қалаларында жан басына шаққандағы табыс 572,7 мың теңге, Қарағанды облысында 558 мың теңге, Ұлытау облысында 517,3 мың теңге болды.

Ал ауылдық жерлерде көрсеткіштер айтарлықтай төмен. Ауыл тұрғындарының жан басына шаққандағы табысы Шығыс Қазақстан облысында 358,2 мың теңге, Павлодар облысында 360,9 мың теңге, Ақмола облысында 355,6 мың теңге, Алматы облысында 340,5 мың теңгеболды.

Ең төмен көрсеткіш Жетісу облысының ауылдық жерлерінде тіркелді – 240,3 мың теңге. Түркістан облысында ауыл тұрғындарының табысы 244 мың теңге, Жамбыл облысында 278,7 мың теңге болды.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, қаңтар–наурыз айларында қала тұрғындарының жан басына шаққандағы табысы 449,5 мың теңге болды. Ал ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш 311,6 мың теңгені құрады.

Осылайша, қала мен ауыл арасындағы айырмашылық 137,9 мың теңге, яғни қала тұрғындарының көрсеткіші ауыл тұрғындарынан шамамен 44,3%-ға жоғары.

Айта кетейік, Қазақстан бойынша жалпы көрсеткіш 399,8 мың теңге болды. Оның ішінде қалалық жерлердегі көрсеткіш республикалық деңгейден жоғары – 449,5 мың теңге, ал ауылдық жерлердегі табыс 311,6 мың теңгеніқұрады.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, Қазақстанда бір адамға шаққандағы азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға жұмсалған шығын 165,4 мың теңге болды. Қала тұрғындарында бұл көрсеткіш 180,8 мың, ауыл тұрғындарында 138 мың теңге болды.

Бір адамға шаққандағы азық-түлік өнімдері меналкогольсіз сусындарға жұмсалатын шығынөңірлер бойынша әртүрлі.

Қалада азық-түлікке ең көп шығын Шығыс Қазақстан облысында – 247,2 мың теңге. Одан кейін Алматы (221,8 мың) және Жетісу облыстары (199 мың) тұр. Ең төмен көрсеткіш Қызылорда облысында – 119,9 мың теңге.

Ауылда ең көп шығын Жетісу облысында – 191,2 мың теңге. Маңғыстау (154,5 мың) мен Алматы облысы (154 мың) кейінгі орындарда. Ең төмен көрсеткіш Түркістан облысында – 119,5 мың теңге.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар