Шығыс Қазақстанда 56 жастағы жұмысшы қаза тапты
Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында жүк тиегіш 56 жастағы жұмысшыны басып кетті. Ер адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Kursiv Media.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жұмысшының өліміне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.
Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам техниканың артында тұрған. Жүргізуші оны байқамай, қозғалысты бастап кеткен. Жұмысшы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
«Глубокое аудандық полиция бөлімі абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған еңбекті қорғау ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады», – деп хабарлады ПД-дегілер.
Тергеушілер болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Бұған дейін Баянауыл ауданындағы «Майкүбен Вест» АҚ аумағында бұрғылау-жару жұмыстары кезінде 1984 жылғы тау-кен шебері ауыр жарақат алып, көз жұмды.
- Соңғы
- Қазан, 08
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
9 қазан 2026