Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Семей орманы» аумағында 30 астам заң бұзушылық анықталды

kz.kursiv.media

«Семей орманы» аумағында 30 астам заң бұзушылық анықталды

Абай облысындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында прокуратура рейд барысында 30 астам заң бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Заң бұзушылықтарды Бородулиха ауданының прокуратурасы жүргізген рейдтік іс-шаралар кезінде анықтаған.

«Алты заңсыз ағаш кесу фактісі тіркелді. Оның үшеуі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталса, қалған үш факті бойынша әкімшілік іс қозғалды», – деп хабарлады прокуратура.

Сонымен қатар, 20 орман телімінде ағаш дайындау жұмыстары тоқтатылды. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұза отырып, оның ішінде ұшқын сөндіргішсіз техниканы пайдалану бойынша бес факті анықталған.

Бұдан бөлек, 20-дан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Олардың қатарында жүргізуші куәлігінсіз немесе тиісті санатсыз көлік басқару, мемлекеттік нөмірі жоқ техниканы пайдалану және көлікті мас күйінде жүргізу фактілері бар.

Анықталған барлық заң бұзушылық бойынша тиісті шаралар қабылданды.

Айта кетейік, осыған дейін ҰҚК мен Бас прокуратура «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының заңсыз ағаш кесу және оны сатуды ұйымдастырды деген күдікке ілінген лауазымды тұлғаларының қызметін тоқтатқан.

2023 жылдың 8 маусымы «Семей орманы» табиғи қорығында өрт шығып, 15 адам қаза тапты. Содан кейін премьер-министр Олжас Бектенов орман ағаштарын заңсыз кесуге қарсы күресті күшейтуді тапсырды. 2026 жылы арнайы техника сатып алуға 3,1 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар