Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Пара беру, алаяқтық, ұрлық: елде бір айда 106 жемқорлық фактісі тіркелді

kz.kursiv.media

Пара беру, алаяқтық, ұрлық: елде бір айда  106 жемқорлық фактісі тіркелді

Қыркүйекте Қазақстанда 106 жемқорлық құқық бұзушылық анықталды. Бұл деректерді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі тіркеген.

Анықталған фактілердің басым бөлігі парақорлық, ұрлық, алаяқтық, қызметтік өкілеттікті теріс пайдалану және асыра пайдалану деректеріне қатысты.

Қылмыстық істер бойынша 93 адам күдікті деп танылды. Бір ай ішінде 81 қылмыстық істің тергеуі аяқталып, оның 78-і сотқа жолданды.

Аяқталған қылмыстық істер бойынша анықталған залал көлемі 3,7 млрд теңгені құрады.

Айта кетейік, шілде және тамыз айларында елде 201 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тіркелген болатын. Осы екі айда 140 адам күдікті деп танылып, 110 қылмыстық іс сотқа жолданған.

Еске салайық, жуырда Қызылорда облысы Қазалы аудандық сотының төрағасы Дәурен Әбдіқалықов пен судья Серік Бертай 9 жылға сотталды. Олар 2026 жылдың қаңтарында ірі мөлшерде пара алу дерегі бойынша ұсталған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар