Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Депутат баланы жекеменшікке емес, таңдаған балабақшаның күту парағына қоюды ұсынды

kz.kursiv.media

Депутат баланы жекеменшікке емес, таңдаған балабақшаның күту парағына қоюды ұсынды

Қазақстанда балабақшаға кезекке тұру тәртібін қайта қарау ұсынылды. Ата-ана баласын кезекке қою үшін басқа балабақшаға формалды тіркеуге мәжбүр болмауы керек. Осылай деген Құрылтай депутаты Ләззат Қожахметова ваучерлік қаржыландыру жүйесін де қайта қарауды ұсынды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Депутаттың айтуынша, қазір баланы мектепке дейінгі ұйымға орналастырудың екі жолы бар: бос орын болса, бала бірден қабылданады, ал орын болмаса, күту парағына қойылады.

Алайда күту тізіміне тұру үшін ата-ана баласын алдымен басқа балабақшаға тіркеуі керек. Соның салдарынан мемлекеттік балабақшадан орын күтетін отбасы баласын жекеменшік ұйымға формалды түрде тіркеуге мәжбүр болуы мүмкін.

Яғни бала құжат жүзінде бір балабақшада тіркелгенімен, іс жүзінде басқа ұйымнан орын күтеді.

«Бұл жерде егер бала балабақшаға бармаса, мемлекет ол үшін ваучерлік қаржыны не үшін төлейді деген маңызды сұрақ туындайды», – деді Ләззат Қожахметова оқу-ағарту министріне жолдаған депутаттық сауалында.

Депутат кейбір жекеменшік балабақшалар баланы іс жүзінде қабылдамай, тек құжат жүзінде тіркеп қоятынын атап өтті. Оның сөзінше, ата-аналар мемлекеттік балабақшадан орын алу мүмкіндігін сақтап қалу үшін мұндай шартқа келісуге мәжбүр.

2025 жылы енгізілген ваучерлік қаржыландырудың мақсаты – бюджет қаражатын балабақшада көрсетілген нақты қызметке бағыттау және қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету.

Депутаттың пікірінше, бұл жүйеде баланың балабақшада жай ғана тіркелуі емес, нақты тәрбиеленіп, білім алуы негізгі өлшем болуы тиіс.

«Мемлекет әр балаға қаржы бөледі. Ендеше сол қаржының артында нақты бала, нақты орын және нақты көрсетілген қызмет тұруы керек», – деді ол.

Осыған байланысты «Әділет» фракциясы балабақша кезегін ұйымдастыру тәсілін өзгерту қажет деп санайды.

Депутат бірнеше ұсыныс айтты.

Біріншіден, ата-ана баласын басқа балабақшаға формалды түрде тіркемей-ақ, өзі таңдаған ұйымның күту парағына тікелей қоя алуы керек.

Екіншіден, бос орын пайда болған кезде баланы қабылдау ашық әрі түсінікті кезектілікпен жүргізілуі қажет.

Үшіншіден, ваучерлік қаржы баланың нақты балабақшада болғанын және оған қызмет көрсетілгенін растайтын цифрлық деректер негізінде төленуі керек.

Сонымен қатар «формалды тіркелу» мен «нақты тәрбиелену» ұғымдарын ажырататын тетік енгізу ұсынылды. Депутат пилоттық жобалардың нәтижесін де қоғамға ашық жариялау қажет екенін айтты.

«Әділет» фракциясы Оқу-ағарту министрлігіне:

Депутаттың айтуынша, бұл өзгерістер балабақша кезегін ғана емес, мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі мемлекеттік қаражаттың қалай жұмсалатынын да реттеуге мүмкіндік береді.

Тағы да оқыңыз: Балабақша ваучері кімге беріледі және оны қалай алуға болады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар