Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тұрғын үйлерде қарттарға арналған жайлы орын қарастырылуы керек – депутаттық сауал

kz.kursiv.media

Тұрғын үйлерде қарттарға арналған жайлы орын қарастырылуы керек – депутаттық сауал

Тұрғын үй кешендерін жобалау кезінде қарттарға демалуға, әңгіме-дүкен құратын жайлы орын қарастырылуы қажет.

ЖСДП фракциясының депутаттары Премьер-Министр Олжас Бектеновке осындай сауал жолдады, , деп хабарлайды Kursiv.media.

Олардың пікірінше, елімізде көппәтерлі тұрғын үй кешендерін жобалау кезінде балалар алаңдары, спорт алаңдары және қоғамдық кеңістіктердің болуы міндеттеліп жатыр. Ал қарттарға деген арнайы орын не кеңістік бұл жоспарға енгізілмей қалған.

«Осыған байланысты ЖСДП заңға жаңа норма енгізуді ұсынады. Онда көппәтерлі тұрғын үй кешендерін жобалау кезінде аға буын өкілдері қарттарға демалуға, бір бірімен әңгімелесіп қоғамдық өмірге белсенді қатысуына арналған жайлы орынның да қарастырылуы қажет. Бұл арнайы орынның ауданы, әр пәтерге шаққанда 0,8 шаршы метр болып белгіленуі керек», – делінген депутаттық сауалда.

ЖСДП фракциясының пайымдауынша, бұл орын-жай коммерциялық мақсатта пайдалануға жатпауы тиіс. Және кейін сатылып немесе басқа мақсатқа пайдаланылмауы керек. Қоғамдық мақсаттағы алғашқы мәртебесі тұрақты сақталуы қажет.

Депутаттар Үкіметке ұзақ мерзімді күтімнің бірыңғай жүйесін құру жөніндегі нақты ведомствоаралық жоба әзірлеуді ұсынып отыр. Бірыңғай цифрлық профильді платформа енгізуді және көппәтерлі тұрғын үй кешендерін жобалау нормативтеріне тиісті өзгерістер енгізілуі тиіс деп есептейді.

Бірыңғай ұзақ мерзімді күтім жүйесін құру бойынша ұсыныстарының толық нұсқасын жазбаша түрде әзірлеп, Үкіметтің қарауына жолдамақ.

ЖСДП фракциясы мұның алдында ауыл шаруашылығы жерлеріне толық ревизия жүргізуді ұсынды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар