Құрылтай жанынан мәслихаттармен жұмыс істейтін кеңес құрылады
Құрылтай жанынан Мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрылады. Тиісті шешімді Құрылтай депутаттары қабылдады, деп хабарлайды Kursiv.media.
Кеңес өңірлер мен орталық мемлекеттік органдар арасындағы байланысты күшейтуге және мәслихаттардың заң шығару жұмысына тұрақты қатысуына мүмкіндік бермек. Бұл бастама Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы отырысында Президент берген тапсырманы орындау мақсатында қолға алынған.
Кеңес мәслихаттардың заң жобаларын әзірлеуге қатысуын жолға қойып, қабылданған заңдардың өңірлерде қалай жүзеге асып жатқаны туралы кері байланыс жинайды. Сонымен қатар жергілікті жерлердегі өзекті мәселелерді анықтап, оларды жүйелеу және шешу бойынша ұсыныстар әзірлеу жоспарланған.
Кеңес өңірлердегі тиімді тәжірибелерді зерттеп, оларды басқа аймақтарға таратуға да ықпал етеді.
Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитетінің төрағасы Әмірбек Оспанбеков кеңес құрамына кімдер кіретінін айтты.
«Оның құрамына мәслихаттарда жұмыс істеген немесе олармен өзара іс-қимыл тәжірибесі бар Құрылтайдың тұрақты комитеттерінің депутаттары, саяси партиялар мен мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен Астана мәслихаттарының төрағалары кіреді»,- деді ол.
Өңірлермен тұрақты байланысты қамтамасыз ету үшін Құрылтайдың төрт депутатынан тұратын хатшылық жұмыс істейді. Әр депутатқа бес өңір бекітіледі.
Қажет болған жағдайда нақты мәселелерді талқылау үшін жұмыс топтары құрылады. Оларға Құрылтай және мәслихат депутаттарымен қатар сарапшылар, азаматтық қоғам өкілдері, мемлекеттік органдар мен ұйымдар қатыса алады.
Тағы да оқыңыз: Қазақстан мен Ресей мұнай жеткізу туралы келісімді 2028 жылға дейін ұзартады
- Соңғы
- Қазан, 07
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
8 қазан 2026