Қазақстан өзара құқықтық көмек туралы Еуропа конвенциясын ратификациялады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы Еуропа конвенциясын ратификациялау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Конвенция 1959 жылы Страсбург қаласында қабылданған. Құжатқа қатысушы мемлекеттер белгіленген талаптарды сақтай отырып, қылмыстық істер бойынша бір-біріне өзара құқықтық көмек көрсетеді.
Қазақстанның ескертпелері мен мәлімдемелеріне сәйкес, еліміз мүлікке қатысты іздеу немесе оған тыйым салу туралы сұрауларды тиісті әрекет екі елдің заңнамасында да қылмыстық құқық бұзушылық болып танылған жағдайда ғана орындайды.
Сонымен қатар, шетел азаматы қамауға алынған, түрмеге қамалған немесе ұсталған жағдайда, оның өтініші бойынша бұл туралы консулдық мекемеге хабарлау мүмкіндігі қарастырылған.
Құжат бойынша сотқа шақыру туралы тапсырмалар белгіленген келу күнінен кемінде 50 күн бұрын жіберілуі керек. Ал Қазақстанға жолданатын сұраулар қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге ұсынылуға тиіс.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
- Соңғы
- Қазан, 07
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
8 қазан 2026