Ақкенженов төртінші МӨЗ-дің қай облыста салынуы мүмкін екенін айтты
Құрылтай отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов елдегі төртінші МӨЗ-дің құрылысы басталуы мүмкін үш облысты атады, деп хабарлайды Kursiv.media.
Айтуынша, қазіргі таңда төртінші мұнай өңдеу зауытының құрылысы қарастырылып жатыр.
«Еліміз бойынша бірнеше алаңды сарапқа салудамыз: бұл – Ұлытау, Атырау және Маңғыстау облыстары. Әзірге консультанттар тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр, жыл соңына дейін техникалық-экономикалық негіздемеге қатысты техникалық, экономикалық және инфрақұрылымдық мәселелер түбегейлі шешіледі деп күтіп отырмыз», – деді министр.
Ақкенженов 2030 жылы Қазақстан тек өз қажеттілігін толық өтеп қана қоймай, экспорттық әлеуетін арттырып, дайын мұнай өнімдерін Орталық Азия елдеріне экспорттайтынын атап өтті.
Бұған дейін Энергетика министрлігінің Мұнай тасымалдау және өңдеу департаментінің директоры Дәулет Арықбаев Қазақстан жылына өңделетін мұнай көлемін 39 миллион тоннаға дейін жеткізуді көздейтінін айтқан еді.
- Соңғы
- Қазан, 07
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
8 қазан 2026