Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Павлодарда жерасты өткелін зақымдаған азамат қоғамдық жұмысқа тартылды

kz.kursiv.media

Павлодарда жерасты өткелін зақымдаған азамат қоғамдық жұмысқа тартылды

Павлодарда жерасты өткелінің төбесін зақымдаған тұрғын 20 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Әлеуметтік желіде ер адамның қаладағы жалғыз жерасты өткелінде төбеге дейін секіріп, оның қаптамасын зақымдаған видеосы тараған. Полиция оқиғаға қатысы бар адамды анықтап, іс мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотта қаралған.

Сот мәліметінше, оқиға Академик Сәтбаев көшесіндегі жерасты өткелінде болған. Ер адам секірген кезде төбедегі жарық қорабына тиіп, оның қаптамасы мен кейбір бөлшектерінің бекітпелерін зақымдаған.

Сотта павлодарлық кінәсін мойындап, жарық қорабын әдейі емес, секірген кезде абайсызда зақымдағанын айтқан. Ол айыппұл немесе әкімшілік қамақ орнына қоғамдық жұмыс тағайындауды сұраған.

Сот оның алғаш рет құқық бұзушылық жасағанын, кінәсін мойындап, өкінгенін ескеріп, 20 сағат қоғамдық жұмысқа тарту туралы шешім шығарды.

Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы облысында той кортежіне қатысушы 10 тәулікке қамалған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар