Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Жанымды ауыртады»: Каспийдегі апаттан аман қалған сарбаз үн қатты

kz.kursiv.media

«Жанымды ауыртады»: Каспийдегі апаттан аман қалған сарбаз үн қатты

Маңғыстау облысында Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы оқиғадан аман қалған сарбаз Бекет Қуандық қаза тапқан қаруластарын еске алып, әлеуметтік желіде жазба жариялады.

Бекет бірге қызмет етіп, бір сапта жүрген жолдастарынан айырылу өзіне ауыр соққы болғанын айтып, марқұмдардың отбасылары мен туған-туыстарына көңіл айтты.

«Мен аман қалғаныммен, сол күнгі қайғы мен қасірет жүрегімде мәңгі қалады. Қасымда болуы тиіс бауырларымның енді арамызда жоқтығы жанымды ауыртады», – деп жазды сарбаз.

Ол қаза тапқан қаруластарын ешқашан ұмытпайтынын айтып, олардың жарқын бейнесі жүрегінде мәңгі сақталатынын жеткізді.

Бекет Қуандық – Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған үш сарбаздың бірі. Оның анасының айтуынша, Бекет оқиға кезінде өз күшімен жағаға шыққан.

Еске салайық, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысындағы әскери оқу-жаттығу кезінде 17 әскери қызметші теңізге кетіп, 14 адам қаза тапты, үшеуі аман қалды. Аман қалғандар – Бекет Қуандық, Ақжол Темірхан және Никита Удалов. Кейін үшеуі де әскери борышын атқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Бұған дейін, Каспийде аман қалған Ақжол Темірханның әкесі жағдайды қалай естігенін айтып берген еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар